Қазақстанның 14 облысында және Астанада 17 қаңтарда күн бұзылатыны ескертілді.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы:
17 қаңтарда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Орал қаласында күндіз бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанады.
Ақтөбе облысы:
17 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында бұрқасын, солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысы:
Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысы:
17 қаңтарда түнде бұрқасын, күндіз шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанайда түнде және таңертең бұрқасын болады.
Павлодар облысы:
17 қаңтарда таңертең және күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.
Маңғыстау облысы:
17 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-18 м/с болады.
Ақмола облысы:
17 қаңтарда облыс аумағында бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысы:
17 қаңтарда таулы аудандарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Таразда түнде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Абай облысы:
17 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын күтіледі. Күндіз гололед болады. Желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы:
17 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Қызылорда облысы:
17 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.
Ұлытау облысы:
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында бұрқасын, күндіз барлық аймағында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда түнде бұрқасын болады.
Қарағанды облысы:
17 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын, күндіз метель күтіледі. Кей жерлерде тұман және көктайғақ болады. Қарағандыда таңертең және күндіз бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысы:
17 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Петропавлда бұрқасын болады.
Астана:
17 қаңтарда кей уақытта бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.