3-5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың бүкіл аумағында дерлік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығысында 3 қыркүйек түнде қар мен жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік және шығыс облыстарда тұман болады, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Ауа температурасы республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында бірте-бірте +8+15°С, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.