Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болып еңбек етті, сондай-ақ AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Ол мемлекеттік басқару, жастар саясаты және қоғамдық-саяси үдерістер саласында бірқатар лауазымдарда жұмыс істеген.
Еңбек жолында Алматы қаласының жастар саясаты басқармасын басқарған, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болған, партиялық және қоғамдық құрылымдарда жетекшілік қызметтер атқарған. Сонымен қатар Парламенттік және Конституциялық реформалар жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болды.
Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелеріне ие.