Бүгін Астанада бірінші ауысымда оқитын 0-7 сынып оқушылары күн суытқанына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 7 қарашада Астанада күн бұлтты, қар жауады, жел 15-20, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4…-6°C.