eGov мобильді қосымшасына азаматтардың жеке деректерінің интернетке таралып кеткенін тексеруге мүмкіндік беретін жаңа функция енгізіледі, деп хабарлайды Qrnews тілшісі tengrinews–ке сілтеме жасап.
"ЭЦҚ арқылы жүйеге кіргенде, сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және мобильді азаматтар базасындағы деректеріңіз, соның ішінде электрондық поштаңыз тексеріледі. Егер деректердің таралуы анықталса, сізге 1414 нөмірінен хабарлама келеді, сондай-ақ eGov Mobile қосымшасы арқылы ескерту жіберіледі", – деп мәлімдеді Web-Totem компаниясының директоры Руслан Тургельдинов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Қазіргі таңда жаңа функцияның сынақтан өтуде. Жақын арада ол eGov қосымшасында қолжетімді болып, кез келген азамат өз деректерінің қауіпсіздігін тексере алады.