5 наурыз кешке қарай Facebook пен Instagram желілерінің біраз уақыт істемей қалды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары парақша мен рилс жаңартылмай, аккаунт ашылмай жатққанына шағымданып жатыр.
БАҚ хабарлауынша, Қызыл теңізде Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын суасты желілері істен шыққан.
«Қызыл теңіздегі жағдайдың күрделілігі 15-тен аса су асты желілерінің төртеуі (Seacom, TGN, AAE-1, EIG) қиылып кеткендіктен трафиктің 25 процентіне тікелей әсерін тигізіп тұр» - делінген БАҚ-тар таратып жатқан хабарламада.
Meta компаниясы мәселені шешуге кіріскенін жеткізді.