28 маусым – 4 шілде аралығында Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды олимпиадалардың бірі - EGeO өтеді.
Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді:
- Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
- Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алған болатын.