Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан оқушылары 12 халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
«12 ірі халықаралық жарыстарға қатысқан 1218 қазақстандық оқушының 603-і медаль иегері атанды. Яғни, біздің елден шыққан әр екінші қатысушы жүлделі орынға ие болды. Олардың ішінде біздің оқушылар ең беделді әлемдік олимпиадаларда 243 медаль жеңіп алды», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Каныбек Жұмашев.