IBO 2024 олимпиадасы мәресіне жетті. Еліміздің құрамасы 100% медаль көрсеткішіне қол жеткізді.
Олар төрт қола медальды қанжығалады:
Ғалымжан Бақтыбай — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Амина Тынырбай — Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Нұртөре Төреханұлы — Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
Диас Сүлейменов — Ақтөбе облысы «Білім- Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.