Басты жаңалықтар

IMO-2025: Қазақстандық оқушылар математикадан әлемдегі ең беделді олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Абдрахманов Мағжан 19 шілде 2025, 12:26
IMO-2025: Қазақстандық оқушылар математикадан әлемдегі ең беделді олимпиадада алты медаль жеңіп алды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Аустралияда өткен Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO-2025) Қазақстан құрамасы төрт күміс, екі қола медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Биылғы жарысқа 112 елден 650-ге жуық оқушы қатысқан. Қазақстан намысын қорғаған оқушылар:
• ?Мирон Юркевич (Haileybury Almaty),
• ?Амирлан Аманжолов (Haileybury Almaty),
• ?Марғұлан Шарел (Spectrum International School),
• ?Амир Сахипов (РФММ, Алматы),
• ?Ерасыл Алтынбек (Nurorda, Алматы),
• ?Ерқанат Кеншілік («Білім-инновация», Ақтөбе).

Ұлттық құраманың жетекшілері — PhD Асылбек Исахов пен Канат Сатылханов.

Қазақстан IMO олимпиадасына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде еліміздің жас математиктері 16 алтын, 55 күміс, 81 қола медаль иеленген.

Жарнама