Израиль Иранның Натанз қаласындағы уранды байыту зауытына әуе шабуылын жасады. Сонымен қатар, шабуыл Тебриз бен Шираз қалалары маңында да тіркелген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын – аз.
Оқиғадан кейін Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиналысын өткізуді талап етті. IRNA агенттігінің мәліметінше, Тегеран тиісті хат жолдап, Израильдің әрекетін қатаң айыптауды және халықаралық шара қолдануды сұрап отыр.
Иран БҰҰ-дан Израильге шара қолдануды талап етті
Дулат Абдраманов
13 маусым 2025, 10:48
Сурет авторы: oxu.az
Жарнама