Иран Ислам Республикасында экс-президент Ибрахим Раиси қайтыс болғанына байланысты, 28 маусымда жаңа президент сайлауы басталды.
Маусым айының басында 6 үміткердің кандидатурасы мақұлданған болатын, олардың арасында бес консерватор, бір реформатор бар.
Президент лауазымына үміткерлердің кейбіреуі сайлау басталмай жатып райынан қайтып, үміткерліктен бас тартты. Олардың кандидатурасы алынып тасталды.
Естеріңізге сала кетейік, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси ұшақ апатынан қаза тапқан болатын.
Дулат Абдраманов