Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің соңғы күндерінде бірнеше маңызды халықаралық іс-шараға қатысады.
? 26 қыркүйек – Президенттің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтеді.
? 27 қыркүйек – Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған.
? 29–30 қыркүйек – Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Италия Президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін қарастырады.