Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» төрінде ҚКБФ санкциялаған халықаралық доданың көрігі қызды. Кештің басты сенсациясы — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты, спорт шебері Бауыржан Әлидің қатысуымен өткен кездесу болды.
Тәжікстандық Раджабой Ахмедовпен шаршы алаңға шыққан Бауыржан алғашқы секундтардан-ақ шабуылға көшті. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектің 57-секундында отандасымыз жойқын соққылар сериясын жаудырып, қарсыласын есеңгіретіп тастады. Төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.
Бұл жеңіс — қазақ бокс мектебінің мықтылығын және ІІМ академиясы шәкірттерінің жоғары физикалық дайындығын паш етті. Әлемдік аренада еліміздің намысын абыроймен қорғаған Бауыржан Әлидің бұл жетістігі спортсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.