Бүгін қазақ театры мен кинoсының аңызы, Қазақстан және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімұлы Әшімов 88 жасында өмірден өтті.
Асанәлі Әшімұлы — Қазақстанның ең көрнекті актері, режиссері, театр педагогі, профессор және Еңбек Ері. Ол 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келген. Өз өмірін театр мен кинo өнеріне арнаған тұлға ретінде танымал болды және 30-дан астам фильм мен сахналық қойылымдарда ойнады.