Футболдан Қазақстанның «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы топтық кезеңін жеңіліспен бастады. Лиссабонда өткен ойында алматылықтар португалиялық «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды.
Матч Португалия астанасындағы «Жозе Алваладе» стадионында өтті.
? Ойын барысы:
- 18-минутта «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза қарсылас ойыншысы Юльмандтың пенальтиін қайтарды.
- 44-минутта Тринкан есеп ашты – 1:0.
- Екінші тайм басында «Спортинг» үш минут ішінде қатарынан үш гол соқты:
• 64-минутта Тринкан дубль жасады – 2:0.
• 66-минутта Алиссон Сантос нәтижені ұлғайтты – 3:0.
• 68-минутта Жеовани Кенда төртінші голды енгізді – 4:0. - 86-минутта Эдмилсон «Қайраттың» намысын қорғап, бір гол соқты – 4:1.
Осылайша, Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі алғашқы ойында жеңіліп қалды. «Қайраттың» келесі кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді – қазақстандық клуб өз алаңында испандық «Реалмен» кездеседі.