Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингісінде 43-орынға тұрақтады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жыл сайын жасалатын Дүниежүзілік бақыт баяндамасында айтылған. Биылғы рейтингке барлығы 147 мемлекет кірді.
Елдердің бақыт деңгейі мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланған:
- жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
- әлеуметтік қолдау деңгейі;
- денсаулықтың жақсы болуы мен күтілетін өмір ұзақтығы;
- еркіндік деңгейі, жомарттық және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімі;
- Gallup агенттігінің жаһандық сауалнамасы бойынша тұрғындардың өмірге қанағаттануын субъективті түрде бағалауы (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша).
Рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Исландия, Швеция, Нидерланды, Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург және Мексика енген.