Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптарды бекітті.
«Азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білу бойынша ең кемі 36 балл, ҚР Конституциясының негіздерін білу бойынша 9 балл, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу бойынша 15 балл жинау талап етіледі», — деп көрсетілген құжатта.
Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.