«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Комитет мәліметінше, Қазақстаннан 28 елге 121 әуе бағыты бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.