Мерзімді әскери қызметшілер қаржы ұйымдарына 6 миллиард теңгеден астам қарыз. Олар екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру – жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді.
Айдарбаевтың сөзінше, сарбаздардың 14500-ден астам несие берешегі бар. Олардың қарызы 6 млрд теңгені құрайды. Орташа қарыз сомасы 400 мың теңге Бұл әскерге шақырылғандардың әрқайсысында орта есеппен 400 мың теңгеден астам қарыз барын көрсетеді.
Бұдан басқа, қызмет өткеру кезеңінде кредиторлар берешекті өндіріп алу бойынша сотқа істер және нотариусқа өтініштер беруді тоқтатады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Атап өтейік, Курсив агенттігінің мәліметінше былтыр көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанында 37 мыңнан астам азамат мерзімді борышын өтеуге аттанды. Оның 16 мыңы еліміздің Қарулы Күштеріне барған. Қалған 21 мыңы Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, МКҚ мен ТЖМ бөлімдерін толықтырды.