Қазақстан оқушылары Халықаралық олимпиадада АҚШ, Жапония және Ұлыбританиядан келген қарсыластарын басып озды.
20-29 шілде аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында экономика бойынша International Economics Olympiad (IEO) халықаралық олимпиадасы өтті – экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығатын мектеп оқушыларына арналған беделді әлемдік зияткерлік бәсеке.
Биыл олимпиадаға 55 елден шамамен 280 қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы әлемнің ең мықты командаларының қатарына еніп, бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде керемет нәтиже көрсетіп, АҚШ, Жапония және Ұлыбританиядан келген құрдастарынан озып түсті.
Автор: Бекарыс Сейдахмет