2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда екі әлеуметтік төлем — еңбекке жарамсыздық бойынша және асыраушысын жоғалтқан отбасыларға берілетін төлем — 10%-ға көбейеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің қаулысы жарияланды.
Сонымен қатар осы күннен бастап келесі көрсеткіштер өседі:
• ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
• мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;
• зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
• айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;
• өмір сүру минимумы – 50 851 теңге.
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары қазан айында ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтеруді ұсынған, бірақ үкімет бұл ұсынысты қолдамады.