Депутат Геннадий Шиповскийдің пікірінше, платформада балалардың психикалық және физикалық денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнелер кеңінен таралған.
Оның пікірінше, 13 жасқа дейінгі балаларға TikTok-қа кіруге мүлдем тыйым салу керек. Ол сондай-ақ көптеген елдер бұл платформаға тыйым салғанын атап өтті.
"TikTok платформасы экстремизм, радикализм, сепаратизм, тым қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы келетін мазмұнды анықтау және шектеу үшін нақты алгоритм ұсынуы керек. Сондай - ақ, tik tok пайдаланушының жасына байланысты мазмұнды шектеуге мүмкіндік беруі керек", - деді депутат.
Қазақстанда 13 жасқа дейінгі балаларға Tik Tok-ты бұғаттау ұсынылды
Редакция
03 қазан 2024, 01:17
Жарнама