Қазіргі таңда Парламентте «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Құжат фермерлерді жаңа агротехнологияларды қолдануға ынталандыратын құқықтық негіз қалыптастырады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Мұрат Теміржановтың айтуынша, фермер табыс алу үшін бірнеше кезеңнен өтеді: алдымен заңнамаға өзгеріс енгізіліп, цифрлық кабинет іске қосылады, топырақ жағдайы жүйеде тіркеліп, кейін зертхана тексеруінен соң сертификат беріледі.
Экология сарапшысы Гүлмира Исмағұлова ұсақ фермерлерді біріктіретін агрегатор-компаниялар қажет екенін айтты. Пассив табыс ерікті көміртек нарығы арқылы жүзеге асады.
Айта кетейік, Қазақстан климаттың өзгеруінен жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жоғары зардап шегуде. Осыған байланысты мамандар карбон жобаларын кеңейтуді және нақты шығындарды есептеуді ұсынып отыр.
Дулат Абдраманов