13 наурызда Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев биылдан бастап Наурыз мейрамының қарсаңында оның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отырғанын айтты.
"Жалпы еліміз бойынша 10 мыңнан астам бұқаралық, мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Мерекенің басты іс-шарасы 21 наурызда Астана қаласының ЭКСПО аумағында өтеді. Қазір мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр", – деді Сәбит Барлыбаев.
Наурызнама онкүндігі:
- 14 наурыз күні – Көрісу күні - Амал мерекесі тойланады
- 15 наурыз – Қайырымдылық күні
- 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
- 17 наурыз – Шаңырақ күні
- 18 наурыз – Ұлттық киім күні
- 19 наурыз – Жаңару күні
- 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
- 21 наурыз – Ынтымақ күні
- 22 наурыз – Жыл басы
Наурызнаманың соңғы күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.