Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, жаңа сервис сенушілердің сұрақтарына «жедел анықтамалық» форматында жауап беретін болады.
Жобаның басты мақсаты - имамдардың жұмысын жеңілдетіп, халыққа сенімді діни ақпаратты қолжетімді ету.
ҚМДБ-ның мәлімдеуінше, қосымша тек беделді діни дереккөздерге сүйенеді және жауаптарды ислам қағидалары мен нормаларына сәйкес әзірлейді.