Болашақта Балқаш көлінің жағалауында салынатын АЭС-тің жобасы ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциум арқылы жүзеге аспақ. Таныстырылым барысында Нововоронеж АЭС-інің №6 энергоблогы үлгі ретінде көрсетілді.
«Росатом» басшысы Алексей Лихачевтың айтуынша, бұл — әлемдегі ең заманауи әрі тиімді атом электр станцияларының бірі болмақ.
Айта кетейік, бүгін Үлкен ауылында Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын ресми бастауға арналған салтанатты шара өтеді.
Дулат Абдраманов