Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың желтоқсан айындағы есеп беруін жариялады.
Қазақстанда «ең арзан қала» деген ұғым жоқ — әр өңірде баға әртүрлі. Біз баға айырмашылығы анық көрінетін ең қымбат өнімдерді салыстырып көрдік:
Сиыр еті (кг): Петропавл — 4061 ₸ | Ақтөбе — 3025 ₸
Қой еті (кг): Астана — 4227 ₸ | Қызылорда — 3175 ₸
Жылқы еті (кг): Алматы — 4319 ₸ | Қызылорда — 2916 ₸
Тауық еті (кг): Ақтау — 1960 ₸ | Қызылорда — 1326 ₸
Шұжық (піскен, кг): Ақтау — 4503 ₸ | Қызылорда — 2266 ₸
Шай (кг): Қарағанды — 6815 ₸ | Қызылорда — 5086 ₸
Қияр (кг): Жезқазған — 1598 ₸ | Павлодар — 801 ₸
Қызанақ (кг): Көкшетау — 1483 ₸ | Тараз — 620 ₸
Сары май (кг): Ақтау — 6557 ₸ | Көкшетау — 4145 ₸
Қатты ірімшік (кг): Қызылорда — 6671 ₸ | Қонаев — 4253 ₸
Ең жоғары бағалар көбіне Ақтау қаласында тіркелсе, ең төменгі бағалар бойынша Қызылорда көш бастап тұр. Кейбір өнімдердің баға айырмашылығы (мысалы, май мен ірімшік) өңірлер арасында 2000 теңгеден асады