Басты жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхитының ең үздік лингвисі атанды

Редакция 04 мамыр 2025, 21:00
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхитының ең үздік лингвисі атанды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің 10-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2025) абсолютті жеңімпаз атанып, алтын медаль жеңіп алды. Олимпиада қорытындысы бойынша ол Қытай, Австралия, Жапония, Малайзия, Иран, Корея сынды елдердің үздік оқушыларын артта қалдырды.

Биылғы зияткерлік жарысқа 500-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысқан. Қазақстан құрамасы 5 медаль мен 3 Құрмет грамотасын жеңіп алып, олимпиада тарихындағы рекордтық нәтиже көрсетті.

Медаль иегерлері:

  • ? Рамазан Бутантаев — Маңғыстау облысы, IT-лицей, 10-сынып

  • ? Самир Сарбасов — Астана қаласы, НЗМ, 12-сынып

  • ? Тимур Кантаев — Алматы қаласы, «Арыстан» мектебі, 11-сынып

  • ? Зере Серікова — Астана қаласы, №9 «Зерде» мектебі, 11-сынып

  • ? Темірлан Сейтбаттал — Ақмола облысы, БИЛ, 11-сынып

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • ✅ Ислам Сипатталов — Ақтөбе қаласы, БИЛ, 10-сынып

  • ✅ Шыңғыс Қарасаев — Орал қаласы, НЗМ, 11-сынып

  • ✅ Арон Хасанов — Атырау қаласы, БИЛ, 11-сынып

Қазақстан командасының жаттықтырушысы — халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Тюбинген университетінің студенті Аида Давлетова.

? Анықтама:
Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған беделді халықаралық олимпиада. Бұл жарыс оқушылардың логикалық ойлауын, тілдік түйсігін және мәдениетаралық құзыреттілігін дамытып, Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға жол ашады.

Жарнама