22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасында (BMO) Қазақстан құрамасы 100% нәтижемен өнер көрсетті. Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен білім сайысында отандастарымыз 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді.
Жүлдегерлер тізімі:
Күміс медаль иегерлері:
- Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ, 11-сынып;
- Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебі, 11-сынып;
- Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 10-сынып.
Қола медаль иегерлері:
- Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 12-сынып;
- Әмірлан Аманжолов — Алматыдағы Haileybury мектебі, 11-сынып;
- Бердібек Орынбасар — Атырау облысы, №1 «Білім-инновация» лицейі, 10-сынып.
Оқушылардың айтуынша, бұл олимпиада — Австралияда өтетін Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындықтың маңызды кезеңі.
«Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын», — деді күміс жүлде иегері Марғұлан Шарел.
Ұлттық құраманың жетекшілері — Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.
Айта кетейік, бұл — қазақстандық оқушылардың BMO олимпиадасындағы екінші рекордтық көрсеткіші. 2024 жылы да еліміздің командасы үздік үштіктен көрінген болатын.