Қазақстандық қолданушылар Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақауларға жаппай шағымданып жатыр. Бұл туралы Detector404 қызметінің деректері көрсетіп отыр.
Алғашқы шағымдар бүгін, 13 тамызда шамамен сағат 11:25-те түсе бастаған. Қазір шағымдардың басым бөлігі Астана қаласынан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан келіп түскен.
Қолданушылар мобильді қосымшаның дұрыс жұмыс істемеуіне, хабарламалардың кешігуіне, медиафайлдардың жүктелмеуіне және хабарлама жіберудегі қиындықтарға шағымданған.
Шағымдардың 43,5 пайызы iOS қолданушыларына тиесілі. Android жүйесін пайдаланушылардың үлесі – 35,1 пайыз, Windows – 16,6 пайыз, Mac OS X – 3,8 пайыз. Қалған жүйелердің үлесі 1 пайызды құрайды.