Тергеу барысында қылмыстық топ мемлекеттік дерекқорлардан алынған мәліметтерді Telegram арналар арқылы таратқаны анықталған. Бұл деректер жекелеген коллекторлық компанияларға да берілген. Арна әкімшілері мен компания иелерін қоса алғанда, 140-тан астам адам ұсталды. Қазіргі уақытта бес адам қамауға алынды.
ІІМ Киберқылмысқа қарсы департаментінің басшысы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, коллекторлық компанияларда жүргізілген тінту кезінде 400-ден астам компьютер мен басқа да электрондық техника тәркіленген.
Аталған іс бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды:
ҚР ҚК 205-бабы, 3-бөлімі – "Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу"
147-бап, 5-бөлімі – "Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және дербес деректер заңнамасын бұзу"
211-бап, 3-бөлімі – "Қолжетімділігі шектеулі электрондық ресурстарды заңсыз тарату"
"Қатысы бар тұлғалардың толық тізімін анықтау жұмыстары жалғасуда", – деді Жандос Сүйінбай.
Қазақстандықтардың жеке деректерінен бизнес жасаған 140 адам ұсталды
Дулат Абдраманов
09 маусым 2025, 06:29
ІІМ мен ҰҚК киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттері азаматтардың жеке деректерін заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарнама