ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының» мәліметінше, жер сілкінісінің сезілу күші 4 баллға дейін жеткен.
Жер асты дүмпулері Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым қашықтықта тіркелді.
Дүмпулерді Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары сезінді:
Тараз, Сарыкемер және Жуалы ауданының (Бауыржан Момышұлы ауылы) тұрғындары – 4 балл шамасында
Ленгер, Қаратау, Сайрам және Шымкент қаласында – шамамен 3 балл
Жаңатас, Сарыағаш, Түркістан және Жетісай қалаларында – шамамен 2 балл
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ҚР ТЖМ-нің Командалық орталығы, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының ТЖ департаменттері базасында жедел штаб құрылды.
Дулат Абдраманов