2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық. Мұндай статистиканы Ұлттық статистика бюросы келтірді.
2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша, ең танымал курорттық аймақ – 551,9 мың адам келген Алматы тау кластері.
Екінші орын Щучье-Бурабай курорттық аймағына тиесілі. Бұл аймаққа 69,1 мың адам келген.
Үштікке 57,5 мың адам келген Маңғыстау курорттық аймағы ілікті.
Үздік бестікке екі танымал курорттық аймақ – Түркістан туристік аймағы (26,1 мың адам) және Алтай курорттық аймағы (20,7 мың адам) енді.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтердің көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың осындай кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8% - ға артық.