Астанада өткен республикалық деңгейдегі FIRST Robotics чемпионатында Көкшетау "Білім-инновация" лицейінің оқушылары керемет жетістікке қол жеткізді. 2025 жылдың 12-13 сәуірде өткен чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты.
Көкшетау "Білім-инновация" лицейінің "Sipinine" командасы нағыз триумфқа жетіп, бірден екі бірдей марапатқа ие болды:
• Inspire Award Winner;
• Winning Alliance Captain категориялары бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл — Қазақстан тарихында бір команда екі чемпиондық туды қатар иеленген екінші жағдай! 10-сынып оқушылары үздік нәтижеге қол жеткізді!
Жалпы нәтиже: 4 команда қатысып, 3 команда жүлделі орындарға ие болды!
Бұл — Көкшетау Білім-инновация лицейінің сапалы білім мен тың идеяларға негізделген еңбегінің жемісі!