Енді ескі көліктерге салық жүктемесі азаяды. Бұл туралы салық сарапшысы Олжас Отар Хабар арнасының "Хақың бар" бағдарламасында айтты.
"20 жылдан асқан көліктерге салық 50%-ға азаяды, ал 10 жылдан асқандарға 30%-ға азаяды. Мысалы, 400 мың теңге салық төлейтін жүргізушінің көлігіне 20 жылдан асса, 200 мың төлейтін болады", – деді сарапшы.
Сонымен қатар 2014 жылдан кейін келген көліктердің салығы теңестіріледі. Бұрын бұл көліктердің салығы жоғары еді.
Жаңа норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.