Қазақстан қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери дипломаттың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ Қазақстан азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданды», – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі Польшада «тыңшылық жасады» деген күдікпен қазақстандық әскери атташенің көмекшісі ұсталғанын хабарлаған.
Elmedia дерегінше, күдіктінің аты-жөні – Әнуар Б. Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері болған және шілде айының соңында ұсталған. Оның дипломатиялық иммунитеті тек Украина аумағында ғана жүрген.