28 қазанда АҚШ-тың Миссисипи штатында болған жол апаты кезінде жүк көлігінен бірнеше зертханалық маймыл қашып кеткен.
Шериф департаментінің мәліметінше, бұл жануарлар гепатит С және COVID-19 сияқты вирустарды тасымалдаған. Сондықтан олар адамдар үшін қауіпті деп саналады. Мамандардың айтуынша, қашқан маймылдар агрессивті мінез танытады, сол себепті оларға тек арнайы қорғаныс құралдарымен ғана жақындауға болады.
Полиция өкілдері қашқан маймылдардың көбін ұстап, жоюға мәжбүр болғанын хабарлады. Алайда бір маймыл әлі табылған жоқ, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.