Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша қаңтардың басынан бастап тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелген. "Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп", - деді Әсел Қалықова.
Ол қазір қалада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі республиканы вакцинамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр", - деді эпидемиолог.
Коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді
Редакция
28 тамыз 2024, 01:27
Жарнама