Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласындағы спорттық нысандардың бірінде 10 жастағы қыз бала көз жұмды. Қайғылы жағдай жаттығу өтіп жатқан сәтте тіркелген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, сабақ барысында баланың денсаулығы күрт нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер келген кезде баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Ақмола облыстық полиция департаменті бұл дерекке байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.