«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 жыл ішінде Ұлттық қорға 543 млрд теңге пайызымен қайтарады. Бұл туралы компания басшысы Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы жобалардың арқасында бюджетке 4 трлн теңгеден астам салық түседі, оның 102 млрд теңгесі құрылыс кезінде түседі деп күтілуеді. Бұл жобалардың бірі - Достық – Мойынты инфрақұрылымдық жобасы, ол Сауранбаевтың айтуынша, белгіленген мерзімнен алда жүріп жатыр.