Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатты бес партия арасында бөлді.
Бір палаталы Құрылтайдағы орындар былай бөлінді:
- «Әділет» – 110 депутат;
- «Ауыл» – 10 депутат;
- Respublica – 9 депутат;
- «Ақ жол» – 8 депутат;
- ЖСДП – 8 депутат.
Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» партиясы депутаттық мандат алу үшін қажетті 5 пайыздық межеден өте алмады.
Сайлауға барлығы 9 351 539 адам қатысып, дауыс беруге қатысу көрсеткіші 74,08 пайыз болды.
ОСК мәліметінше, бұл жолғы сайлауға 15 наурызда өткен Конституция жөніндегі референдуммен салыстырғанда 224 мың адам артық қатысқан.