Қытайда өткен Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесіп, 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Шайба авторлары – Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко және дубль жасаған Кирилл Панюков.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан хоккейшілерінің Азия ойындарындағы бесінші жеңісі. Бұған дейін құрамамыз 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары чемпион атанған.