14 наурыздан бастап Қытай Швейцария, Ирландия, Венгрия, Аустрия, Бельгия және Люксембургке сынақтық визасыз режим енгізеді. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.
Қытай сыртқы істер министрінің айтуынша, қытайлық және шетелдік қызметкерлер алмасуды жеңілдету, оның ішінде төлем қызметтерінің санын көбейту бойынша бастамалар көтеруді жалғастырады.
Бұған дейін Қытай билігі 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Еуроодаққа мүше бес мемлекет: Испания, Италия, Нидерланд, Франция және Германия азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізген болатын.