Тараз қаласында әлеуметтік желілерде тараған байланған қыздың фотосуретіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарияланған суретте еденде жатқан қыздың қол-аяғы байланған, аузы скотчпен жабылғаны көрінеді. Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы («Азаптау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
«Тергеу нәтижесі бойынша заң талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жәбірленуші 1996 жылы туған қыз екенін мәлімдеді. Қазір ол қауіпсіз жерде орналасқан.