Мәдениет және ақпарат министрлігі "ЛГБТ пропагандасына қарсымыз" петициясы бойынша шешім қабылдады. Министрлік петицияны "жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен культ қылудан қорғау, алшақтату талаптарына қатысты" ішінара қолдады. Бұл туралы петиция авторы, Қазақстанның ата-аналар одағы" бірлестігінің төрайымы Бағила Балтабаева Instagram парақшасында хабарлады.
Министрлік жауабында балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі аясында аталған талаптар өзекті және қажет деп жазған.
Арнайы комиссия петицияны 1 тамызда жария талқылаған болатын. Ол кезде де министрлік оны ішінара қолдаған.
Бағила Балтабаева қыркүйекте жұмыс тобы құрылып, заң шығатынын жазды, бірақ министрлік жауабында ол туралы ештеңе жазылмаған.