Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.
Оған дейін бұл қызметті Нұрлан Ноғаев атқарған болатын.
"Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. ", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.
44 жастағы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. "Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер", "Қаржы және қаржы құқығы" маманы. 2018 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған.