Тексеру барысында дәнекерлеу-монтаж жұмыстарының көлемін бөлу кезінде кейбір ұйымдарға басымдық берілгені анықталған. Бұл – техникалық шарттарды алушылардың таңдау құқығын шектеп, нарықтағы бәсекелес компанияларға кедергі келтірген.
Филиал тергеу қорытындыларымен келіспей, сотқа жүгінгенімен, сот мемлекеттік органның ұстанымын қолдады. Айыппұл 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілді.
Компанияға бұзушылықтарды жою міндеті жүктелді. Талап орындалмаған жағдайда қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін.
Дулат Абдраманов