Бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып, көпшілік дауыспен мақұлданды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы алғанда, 76 депутат «қолдаймын» деп дауыс берсе, 7 депутат «қарсы» болды, 9 халық қалаулысы қалыс қалды, ал бір депутат дауыс бермеді.
Негізгі өзгерістер:
Жаңа кодексте бірқатар салық түрлері бойынша елеулі өзгерістер қарастырылған:
-
ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша міндетті тіркеу шегі 40 млн теңге деңгейінде белгіленеді, ал мөлшерлемесі 16% болады.
-
Бірқатар сала ҚҚС-тан босатылады.
-
Денсаулық сақтау және әлеуметтік салада тек ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады, ал дәрі-дәрмектің белгілі бір түрлері салықтан босатылады.
-
Әлеуметтік бағыттағы ұйымдарға корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен енгізіледі: 2026 жылдан бастап — 5%, 2027 жылдан бастап — 10%.
-
Сондай-ақ банк операцияларына ҚҚС салынуы мүмкін деген.