Қазақстанда білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін кезекті тестілеу кезеңі басталады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, үміткерлерден өтініштер 2026 жылғы 22-23 маусым аралығында қабылданады.
Тіркелу тәртібі:
Өтініш беру: 22-23 маусым (app.testcenter.kz сайтында).
Тестілеу күні: 24 маусым.
Қатысу құны: 9 403 теңге.
Тестілеу құрылымы:
Сынақ үміткерлердің біліктілігін бағалайтын 6 блоктан тұрады. Жалпы сұрақтар саны – 48, оның ішінде ең жоғары балл – 48, ал шекті көрсеткіш – 24 балл.
1. ҚР Еңбек кодексі (10 тапсырма, шегі – 5).
2. «Білім туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).
4. «Педагог мәртебесі туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).
5. Оқу-ағарту министрінің №348 бұйрығы (4 тапсырма, шегі – 2).
6. Оқу-ағарту министрінің №385 бұйрығы (4 тапсырма, шегі – 2).
Бұл тестілеу білім беру саласындағы басқарушы кадрлардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мектеп директорларын ашық конкурстық негізде тағайындау мақсатында өткізіледі.